Сасық су. Наразы елордалықтарға ресми өкіл жауап берді

16:43, 23 қыркүйек 2019
338

Ауызсу сапасына қатысты Facebook-тегі қызу пікірталасқа байланысты Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі және сапаны бақылау департаментінің бастығы Сәдуақас Байғабылов пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Facebook-тегі астаналықтардың ескертуі мен туындаған сауалдарына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы су желісінен ауызсу алынып, өткен демалыс күндері жоспардан тыс зерттеу жүргізілген. Мамандар толықтай санитарлық-химиялық және микробиологиялық талдау жүргізіп, оның нәтижесін алды.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері елорда пәтерлерінде шүмектен ағып тұрған ауызсудың көрсеткіштері (суық және ыстық) гигиеналық нормаларға сәйкес келетіндігін көрсетті.

- Ауызсу қауіпсіздігі мәселесі мені де алаңдатады. Өйткені мен де осы қалада тұрамын, ел ішіп отырған суды менің отбасым да тұтынады. Біз бүгін зерттеу масштабын кеңейттік, қосымша зертханалық зерттеу үшін қаланың әртүрлі аудандарындағы үйлерден су сынамалары алынды, - деді Сәдуақас Байғабылов.

Ол елордадағы ауызсудың сапасы мен қауіпсіздігі өз департаментінің тұрақты бақылауында екенін баса атап өтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!