Сарыағаштық «байланған бала» облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне түсті

16:30, 24 қаңтар 2020
440

Құқық қорғаушы Құрманғазы Мүсірдің айтуынша, Сарыағаш ауданындағы "байланған бала" шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған. Әкесі елден көмек сұрайды, деп хабарлайды Отырар.

"Осыдан бірнеше сағат бұрын Сарыағаш ауданындағы екі жасар бала Түркістан облысындағы Келес аудандық ауруханасынан жедел жәрдеммен облыстық ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауырлай түскен сыңайлы. Баланың әкесінің айтуынша, жағдайы расында ауыр. Әкесінің өтініші бойынша барлығынан баланың өмірі үшін көмек сұраймын. P.S .: Шымкент қаласындағы медицина деңгейіне байланысты Түркістан облысының уәкілетті адамдарымен жедел араласу қажет деп санаймын", - делінген жазбада.

Оқи отырыңыз: Видеосы желіде тараған байлаулы сарыағаштық бала ауырып, ауруханаға түсті

Естеріңізге сала кетейік, бір бөлмеде "байланған баланың" видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.

Биыл 8 қаңтарда жергілікті тұрғын Сарыағаш АІІБ-на бұрынғы зайыбы 2017 жылы туған баласына қысым көрсетіп жатыр деген арызбен жүгінді. Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы, яғни "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау" бойынша тіркеді.

Алдында баланың Келес аудандық ауруханасына түскені, оған Мальабсорция диагнозы қойылғаны, яғни бауыры мен асқазан қызметі нашарлағаны хабарланған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!