Сарыағашта ұсталған жүк көлігі ішінен жарамдылығы өтіп кеткен дәрі-дәрмектер шыққан

10:41, 25 қараша 2020

Түркістан облысының полиция қызметкерлері 34 миллион теңгенің контрабандалық дәрі-дермегін анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сарыағаш ауданындағы тас жолдардың бірінде жүк көлігі тоқтатылған.

Жүк көлігін тексеру кезінде із кесушілер тиісті құжаты жоқ 254 қорап дәрі-дәрмекті тапты. Жүргізушінің айтуынша, ол Шымкент қаласының тұрғынымен жүкті белгілі бір ақыға Сарыағаш өңірінен Түркістан қаласына жеткізуге келіскен. Тәркіленген дәрі-дәрмектердің арасында бискодил, бисептол, кетонал, глицин, волтарен, попол және басқалары да бар.Сондай-ақ, көрсетілген жүк Өзбекстан азаматына тиесілі екендігі және Ресейден көрші республикаға заңсыз жеткізілгені анықталды. Бұл дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Контрабандалық жүктің жалпы құны шамамен 34 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта бұл факт Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде тіркеуге алынды, - деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов брифингте.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!