Сарыағашта маймыл асыраған тұрғын жауапқа тартылуы мүмкін

11:02, 15 маусым 2021
188

© Сурет: видеодан кадр

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бөлек, әлеуметтік желілерге де тексерулер жүргізіп, тиісті жұмыстарды атқарып келеді, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер, "Instagram" парақшаларының бірінде жол жиегінде маймылдың электр бағанасының үстіне шығып кетіп, түсе алмай тұрғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады.

Бұл бейнежазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері бірден тексеру жұмыстарына жұмылдырылды. Яғни атқарылған шаралардың нәтижесінде оқиға Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде орын алғаны белгілі болды.

Маймылдың иесі екені сарыағаштық тұрғын болып шықты. Оның айтуынша, ол аталмыш жануарды тасымалдап бара жатқанда, абайсызда тордан шығып кеткен.

Содан өзіне оны биіктен түсіру мақсатында пневматикалық қарумен бірнеше рет ауаға атып, жерге түсірген. Содан соң маймылды ұстап, қайта торына салып, алып кеткен.

Қазіргі таңда Сарыағаш АПБ қызметкерлері маймылдың иесінің жасаған іс-әрекеті бойынша зерделеп, тиісті құжаттарын тексеріп, жауапкершілігін қарауда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!