Сарыағаш ауданы әкімшілік сотының судьясы парамен ұсталды

11:35, 12 желтоқсан 2019

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Сарыағаш аудандағы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясының парақорлық фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

2019 жылғы 11 желтоқсанда қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынды.

Тергеу шеңберінде, судьяның шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы әкімшілік материалдарды кедергісіз қарастырғаны үшін Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлерінен жүйелі түрде пара алуға қатыстылығы тексерілуде.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!