Сары Алмастың ағасы 4 жылға сотталды

14:22, 28 мамыр 2020

"Транстелекомның" басшысы Асқар Нәсенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

27 мамырда, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен "Транстелеком" АҚ президенті А.Насенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді Биғайдаров.

Сондай-ақ, оның айтуынша, акционерлік қоғамның басшысы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің, 1-тармағы, яғни "Сеніп тапсырылған үлкен сомадағы бөтеннің мүлкін иемденіп, талан-таражға салу" бойынша кінәлі деп танылды, 3 жылға материалдық-жауапты лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айырылған.

Насенов бұған дейін "KT&T" ЖШС-мен заңсыз консорциумдық келісімге отырып, 2,1 млрд теңге көлемінде ақшалай төлем жасау арқылы мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке іліндген еді, - дейді тергеуші.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!