Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды
© Сурет: Қарағанды облысының әкімдігі
ҚР Президентінің Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұған дейін Қарағанды облысының индустрия және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарған Дарын Бұлқайыр Саран қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, жаңа әкімді қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды. Депутаттар кандидатураны мақұлдады.
Саран басшысына қаланы дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттер жүктелді.
"Дарын Бейбітұлы қала әкімі ретінде бұрыннан басталған жобаларды жалғастырып, аяқтап, жаңа жобаларды қолға алып, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасына, жалпы, қаланың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы", — деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Дарын Бұлқайыр 2012 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қарағанды қаласы әкімі аппаратында мемлекеттік заң бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2013-2015 жылдары "Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, басшысының орынбасары.
Одан кейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында – бас маман-заңгер, бюджетті атқару бөлімінің бас маманы, мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2017-2021 жылдар аралығында Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылдан 2023 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасын басқарды.
2023 жылғы шілдеден бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының индустрия және индустриалды-инновациялық даму басқармасын басқарды.
3 желтоқсанда Арыс қаласында жаңа әкім тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 11 желтоқсан 2024
«Дарын» жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:58, 11 желтоқсан 2024
«Жазғы доңғалақпен жүрген». Алматыда ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті
-
21:44, 11 желтоқсан 2024
Екібастұзда құбыр жарылып, атқылаған ыстық суға оқушы күйіп қалған