Сапалы және дұрыс ақпарат тарату үшін ЖОО WhatsApp желісін іске қосты

10:42, 25 мамыр 2018
360

Еліміздің жоғары оқу орындарының арасында алғаш рет Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті WhatsApp желісі іске қосты. Қызметтің басты артықшылығы – педагогикалық жоғары оқу орнына түскісі келетіндерге сапалы әрі дұрыс мәлімет беру және мейлінше жылдам қызмет көрсету, деп хабарлайды zakon.kz білім ордасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Сондай-ақ, мессенджер арқылы университет ұжымы мен студенттері өздерін мазалап жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын жолдай алады.

– Бұл жаңашылдықтар оқу орнына қатысты көпшілік тарапынан туындаған мәселелердің шешімін табуға, қоғаммен байланыста барынша ашық әрі мобильді болуға, туындап жатқан проблемаларды жылдам реттеуге аса қажет қадам деп есептеймін. WhatsApp желісінің нөмірін есте сақтау оңай. Азаматтар хабарламалар, суреттер мен видеоны +7 701 080 19 90 нөміріне жібере алады. Сонымен қатар, жұртшылық тарапынан туындаған сұрақтар мен шұғыл мәселелерді дер кезінде оңтайлы шешу үшін тәулік бойы БАҚ пен әлеуметтік желіде мониторинг жүргізілетін болады. Ұсыныстар мен хабарламаларды #Қыздарунивер #УниверЖенПУ арнайы хэштегтері арқылы жолдауға болады, – дейді Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

Жандар Асанның айтуынша, Қыздар Университетінің Facebook, Вконтакте, Instagram, Google+, You Tube әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында да сұрақтар мен ұсыныстар жазуға мүмкіндік бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!