Санжар Жаркешов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

14:43, 20 тамыз 2019
216

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жаркешов Санжар Серікбайұлы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомствода Санжар Жаркешов геология мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Санжар Жаркешов 1986 жылы 24 қазанда Қарағанды облысында туған. 2009 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін “қаржы” мамандығы бойынша, ал 2010 жылы Техас университетін "мұнайгаз инжинирингі" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы Техас штатында Остин қаласында Мұнай және геожүйелік инжиниринг орталығының зерттеуші инженері болып бастады, онда 2010 жылға дейін жұмыс істеді.

2010-2016 жылдары "ExxonMobile" Корпорациясында Калифорния, Колорадо және Техас (АҚШ) штаттарында бұрғылау жөніндегі инженер, Иракта бұрғылау жөніндегі аға инженер, Ресейде (Сахалин аралы) бұрғылау жөніндегі бас инженер, Атырау қаласында аға жобалық инженер болып еңбек етті.

2016-2018 жылдары - Шотландиядағы Перт қаласында "Merlin ERD" компаниясында кәсіпшілік супервайзерлер басшысы және бұрғылау жөніндегі жетекші инженер болды. 2018 жылдың наурыз айынан қазірге дейін Ұлыбританияда Лондон қаласында McKinsey and Company компаниясында мұнай өнеркәсібінің жаһандық сарапшысы және басқарушы кеңесшісі болып жұмыс істеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!