Санкт-Петербургта Әлихан Бөкейхановқа естелік тақта орнатылады

10:31, 17 қазан 2018
272

Санкт-Петербург мемлекеттік орман-техникалық университетінің Ғылыми кеңесі бас ғимаратында Алаш көсемі Əлихан Бөкейхановқа естелік тақта орнатылатын болды. Бұл туралы алаштанушы Сұлтан Хан Жүсіп Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Сүйінші, Алаш ұрпақтары, сүйінші! Осыдан тура жарты сағат бұрын ғана Санкт-Петербордан қуанышты жаңалық келіп жетті. Алты Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 1890-1894 жылдары оқып бітірген бұрынғы Императорлық орман институты, қазіргі Санкт-Петербор мемлекеттік орман-техникалық университетінің Ғылыми кеңесі бас ғимаратының маңдайына өзінің даңқты түлегі, 2015 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясынының 38-сессиясы «бүкіл әлемдік шынайы даңқты қайраткер» деп таныған Әлихан Бөкейханға естелік тақта орнату туралы ұсынысты 27 дауыспен қолдап, 7 дауыс қарсы, 5 дауыс қалыс қалып, басым көпшілік дауыспен мақұлдады», - деп жазды ғалым.

Ескерткіш тақта орнатуды аталған жоғары оқу орнының түлегі Майкен Әзенов ұсынып, Ғылыми кеңестің қарауына арнайы хат жолдаған. Тақтаны жасатып, орнатуды «Ақ жол» партиясы өз жауапкершілігіне алып отыр.

«Одан бөлек ұлт көсемінің қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын (1922-1937 жж.) өткізген Мәскеудегі Б. Кисловский орамы, 4 үйі мен Самара қаласындағы 1909-1917 жылдары тұрған Казанская көшесі, 30 (қазір 32 үй) үйіне де естелік тақта орнату ісі қолға алынды. «Ақ жол» партиясының Мәжілістегі фракциясынан Мәскеудегі Елшілікке тиесілі хат жолданды. Енді Мәскеуден хабар күтіп отырмыз», - деді Сұлтан Хан Аққұлы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!