«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі құрамынан Вячеслав Ким шығып кетті

19:04, 26 қаңтар 2022
151

© Сурет: kaspi.kz

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Нұр-Cұлтан) өз бастамасына сәйкес, тәуелсіз директор В.К. Ким Директорлар кеңесінің құрамынан шыққанын хабарлады. KASE баспасөз қызметі

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Алмасадам Сәтқалиев, Данияр Ақышев, Әлібек Қуантыров.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!