Салымшылар зейнетақы жинақтарының 99 пайызын баспанаға жұмсаған

11:58, 5 мамыр 2021

© Сурет: 24.kz

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сатып алуға триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтарын жұмсаған. Бұл ақшаның жартысына жуығы, яғни 620 миллиард теңге ипотекасыз баспана сатып алуға кеткен, деп хабарлайды zakon.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

ІІ-орында ипотекалық қарызды ішінара немесе толық өтеу шығындары тұр. Бұл мақсатқа 218 миллиард жұмсалды. Орта есеппен әрбір азамат ипотекаға үш миллион теңгеден астам қаржы салған.

ІІІ-орында зейнетақы жинақтарын туысқа беру болды. Қазақстандықтар шамамен 194 миллиард теңге табысын туысқандарына аударған.

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, биыл наурыз айында жаңа баспаналардың бір шаршы метрі ел бойынша 325 мың теңге болса, ескі үйлердің құны 257 мың теңгені құрады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!