Салық төлеуден жалтарған елордалық кәсіпорын басшысы 5 жылға сотталды

11:46, 27 қазан 2020
274

ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті "Атырауоблтяжстрой" ЖШС басшысына қатысты салық төлеуден жалтару және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Құжаттық салықтық тексеру актісіне сәйкес, кәсіпорын үш жыл ішінде 1?3 миллиард теңгеден астам салықтан жалтарған. Қосымша салық салуға кәсіпорынмен жасалған басқа фирмалардың атынан жасалған жалған шот-фактуралар негіз болды, - деп атап өтті Қаржылық мониторингі комитетіндегілер.

ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы, 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа ауданының No2 сотының үкімімен кәсіпорын директоры 3 жылға коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымын атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге сотталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!