Салтанат Бақаева өз әнінің авторын білмей, ұятқа қалды

15:31, 19 қазан 2018
369

Салтанат Бақаева хит ән іздегенде ақын мен сазгерлерге жүгінгенімен, оларға құрмет көрсетуге келгенде аяқ тартып қалатын көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап.

Осыдан біраз уақыт бұрын семейлік ақынға қаламақы бермегені үшін елден сөз естіген Бақаева бұл жолы әннің сөзін жазып берген авторды есіне түсіре алмады.

“Су жаңа әнім бар. «Сен үшін» деп аталады. Ғазизхан жазған әнін. Сөзін жазған Сара Тоқтақұлова. Ммм… Тоқтамысова ма? Тегі қандай еді? Қазір-қазір, қай ақын еді”, – деп сасып қалды Салтанат.

Салтанат есімін еске түсіре алмаған ақын анша-мұнша емес, белгілі айтыскер Сара Тоқтамысованың өзі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!