«Сайран» автовокзалын жөндеуге жұмсалатын қаржы несиеге алынған

11:59, 19 шілде 2018

Алматыда «Сайран» автовокзалын жөндеуге жұмсалатын қаражат несиеге алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Автовокзал реконструкциясы биыл маусым айында басталды. Бұл аумақта қосымша нысандар пайда болады. Ойын-сауық орталықтары мен тамақтану орындары салынады»,- делінген «Сайран» МА ЖШС бас инженері А.Жансариннің жауабында.

Алайда автовокзал реконструкциясына кететін шығынның мөлшері белгісіз.

«Жөндеу жұмыстарына кететін шығын құпия ақпарат болғындықтан біз оны жария ете алмаймыз. Жеке қаражат есебінен несие алу арқылы жүзеге асырылады», - деді компания өкілдері.

Еске сала кетсек, бұған дейін автовокзалдың көлік логистикасын түгел жаңарту және вокзал жанын субұрқақ, дәмхана, жасыл желектер және балалар алаңы арқылы абаттандыру жоспарланғаны айтылған болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!