Сайлау жарнасы кандидатқа қандай жағдайда қайтарылады

14:42, 2 ақпан 2023
337

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері брифингте кандидаттың сайлауда төлеген сайлау жарнасы қай жағдайда қайтарылатынын және оның қай жағдайда мемлекет кірісіне айналдырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, кандидатқа немесе партияға сайлау жарнасын қайтару жағдайлары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда жазылған.
"Сайлау жарналары үш жағдайда қайтарылады. Біріншісі – егер кандидат депутат болып сайланса. Екіншісі – кандидат немесе саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының кемінде 5 пайыз дауысын жинаса. Үшіншіден, өкінішке қарай, мұндай жағдайлар да кездеседі, сондықтан ол заңнамада белгіленген: кандидат немесе саяси партияның партиялық тізіміне енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда, жарна қайтарылады". ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина

Ол қалған жағдайларда сайлау жарнасы республикалық бюджетке түсетінін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!