Сағынтаев қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты

11:11, 25 мамыр 2020

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Блок-бекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", деп жазды Сағынтаев Твиттерде.

Марқұм полиция қызметкерлерінің отбасына жан-жақты көмек көрсетілетіні де хабарланды.

Айта кетсек, бүгін таңертең сағат 05: 26-да Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылында, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта BMW көлігімен жүйткіген 1992 жылғы қала тұрғыны А.А. Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста тұрған №4 блок-бекеттің қоршауына бүкіл жылдамдықпен келіп, киіп кетті. Содан көлік инерциясымен кері серпіліп, жырақта тұрған патрульдік көлікті соқты, оның ішінде екі полиция қызметкері болған. Өкінішке орай, жантүршігерлік дене жарақаттарын алған патрульдердің бірі, полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев жедел жәрдем келгенге дейін оқыс оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов өте ауыр жағдайда қаладағы ең жақын ауруханаға жеткізілді. Алайда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың да кейіннен есін жинамаған күйі ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

Қаза тапқан полициялардың бірінің артында екі, тағы бірінің артында бір кішкентай баласы қалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!