Сағынтаев егіс науқанын дер кезінде аяқтауды тапсырды

12:55, 22 мамыр 2018

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев Үкімет отырысында көктемгі егіс науқанының жұмыс барысы туралы баяндады, деп хабарлайды BNews.kz.

Алдын-ала мәлімет бойынша, ағымдағы жылы егіс алқаптарының көлемі 21 млн 800 мың гектарды құрап отыр, бұл өткен жылғы көрсеткішпен бірдей.

"Дәнді дақылдарды 14 млн 700 мың гектар жерге егу жоспарлануда, оның ішінде бидай -1,4 млн гектар жерге егіледі, мал азығы дақылдары көлемі де 2,5 млн-ға ұлғайып, 49 мың гектар жерді құрайды. Майлы дақылдар көлемі 2 млн 600 мың гектарды құрайды. Картоп егу алқабы да өсіп, 210 мың гектарға жетіп отыр. Қазіргі таңда көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгінгі күнгі мәліметтерге сәйкес бидай дақылдары жоспарланған - 36%- жерге егілді, майлы дақылдар - 56%, бақша дақылдары – 80%, картоп – 56% егілді", - деді вице-министр.

Арман Евниевтің айтуынша қазір қант қызылшасы мен мақта егі науқаны аяқталды. Оның айтуынша салқын ауа райының салдарынан егіс қарқыны өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда төмендеу.

Өз кезегінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ауыл шаруашылығы министріне егіс науқанының аяқталу нәтижесі жөнінде есеп беруді тапсырды.

"Көктемгі егіс жұмыстары енді ғана басталды. Кейбір аймақтарда ауа райына байланысты артта қалушылық бар. Мәліметтер бойынша бүгінде Солтүстік Қазақтан 6% -ға артта қалып отыр, сондай-ақ Ақмола, Қостанай және басқа облыстарда көрсеткіш әртүрлі. Жалпы алғанда жұмыс жаман жүріп жатқан жоқ. Минералдық тыңайту, субсидия беру және жанар-жағармай мәселесі шешілді. Сондықтан егістік науқанын уақытында аяқтауымыз керек. Содан соң, Өмірзақ Естайұлы баяндайсыз", - деді Бақытжан Сағынтаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!