Сағынтаев Ақбұлақта қаза тапқандар жайлы: Барлық тиісті көмек пен қолдау көрсетіледі

09:28, 21 қыркүйек 2021
76

© Сурет: zakon.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданында оқтан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әкім өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жазды.

Алатау ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Барлық тиісті көмек пен қолдау көрсетіледі, делінген жазбада.

Кеше, 20 қыркүйекте Алматының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшам ауданында 1967 жылғы ер адам аңшы мылтығынан сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және үй ауласындағы адамдарға оқ жаудырды. Бес адам қаза тапты. Ұсталған адам өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір