Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарының екінші матчында жеңіске жетті

10:25, 26 шілде 2021
1651

© Сурет: olympic.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол Олимпиада ойындарының екінші матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, екінші айналымда қазақстандық теннисші Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездесті.

 

Екі сеттен тұратын кездесуде Рыбакина 6: 2, 6: 3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды, - делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

 


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір