Руслан Мамунов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

16:52, 14 қараша 2019

Ақтөбе облысының орынбасары жаңадан тағайындалды. Ол осыған дейін "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы болған Руслан Мамунов болды, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"39 жастағы Руслан Маратұлы Мамунов Ақмола облысында туған. ҚазТұтынуОдағының экономикалық университетінде, Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алды. Эдинбург қаласындағы Шотландия менеджмент және маркетинг мектебінің экономист, заңгер, МВА корпоративтік басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақмола облысы Ақкөл аудандық Салық комитетінде маман болып бастаған. "ҚазМұнайГаз" АҚ менеджер, бас менеджер, Қоғамның еншілес компанияларында департамент директоры, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс бөлімінің басшысы, "KazSatNet" АҚ келісімшарттар бөлімінің басшысы, "Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы қызметтерін атқарды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!