Рухани ынтымақтастық нышаны: Тоқаев пен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті ашты

13:06, 15 мамыр 2026

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.

Сурет: akorda.kz

"Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды".

Мешіт Өзбекстан президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Сурет: akorda.kz

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

Сурет: akorda.kz

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

Бұған дейін Садыр Жапаров пен Шавкат Мирзиеевтің Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістанға келгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!