Рудныйда журналист өз пәтерінен өлі күйі табылды

13:02, 13 қыркүйек 2019

Солтүстік Қазақстанда шығатын "Игілікті іс" (орысшасы "Хорошее дело" - ред.) газетінің журналисі Сергей Петренконың Қостанай облысы Рудный қаласындағы пәтерінде мәйіті табылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Біздің Қостанай" сайты "алдын ала ақпарат бойынша, Петренконың жүрегі тоқтап қалғанын жазды.

"Наша газета" сайты Петренконың туыстарына сілтеп, журналистің 11 қыркүйекте қоңырауларға жауап бермегенін жазады.

Туыстары оны таңертең ішінен құлыпталған пәтерінен тапқан.

Биыл қаңтарда 42 жасқа толған Петренко мектеп бітірген соң кеніште істеп, кейіннен "Рудный жұмысшысы" газетінде тілші болған. Соңғы жылдары "Игілікті іс" газетінде істеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!