Рудныйда 4 жасар сәби 5-қабаттан құлап кетті

12:16, 16 шілде 2018

Рудныйда ата-анасының қарауынсыз қалған 4 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқыс оқиға 15 шілде күні Рудный қаласында болған.

«Сағат 17:30-дар шамасында Марите көшесінде көпқабатты үйлердің бірінде 2014 жылы туған бала 5-қабаттан құлап кетті. Бала ата-анасының қарауынсыз қалған», - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Бала түрлі жарақаттарымен Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!