Рудныйда 9 жасар қызды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

10:41, 16 тамыз 2018
434

Рудный ІІБ-нің полиция қызметкерлері 9 жасар Настя Ширягинаны қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін ұстау үшін жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп жазады Stan.kz Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, 14 тамыз күні Рудный қаласында Паровая және Гагарин көшелерінің қиылысында 39 жастағы ер адам “Кия Рио” маркалы көлігімен 9 жастағы мектеп оқушысын қағып кеткен болатын. Апат салдарынан 9 жасар қыз жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде көз жұмды.

Ал, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Бүгінде оның аты-жөні анықталып, қолға түсті.

Сондай-ақ, осы жол-көлік апаты кезінде тағы бір бала зардап шеккен екен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!