Рудныйда 13 жасар қыз 9-қабаттағы терезеден секіріп кетті

17:05, 1 маусым 2020

Рудныйда 13 жастағы қыз 9-қабаттағы терезеден секіріп кетті. Қыздың мұндай оқыс қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz kstnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға екі күн бұрын болды. Қыз асфальтқа құлап, өте ауыр жарақат алды.

Дәрігерлер дененің көптеген жерінің сынуы мен бас-ми жарақаты диагнозын қойды.

Қыз ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Бүгінгі таңда оның жағдайы өте ауыр, бірақ тұрақты, - деді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Бүгін облыстық балалар ауруханасының мамандары Рудный қаласындағы әріптестеріне аттанды. Қыз есін жиған, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!