Рудныйда мас жігіттер полиция көлігінің капотына шығып, селфиге түскен

14:34, 14 қазан 2019

Рудныйда екі жас жігіт полиция автокөлігінің капотына мініп, селфиге түскен. Олар осы бұзақылық әрекеттері үшін 7 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар тәртіп сақшыларынан кешірім сұрады.

Ішімдікке сылқия тойған екі жас жігіт полицияның қызметтік көлігінің капотына шығып алған. Оның қоймай, өздерінің оспадарсыз бұл іс-әрекеттерін фотосуретке түсірген. Бұл қылықтарын олар суретті әлеуметтік желіге жүктегісі келгенімен түсіндірді, делінген хабарламада.

Сот шешімімен Рудный қаласының тұрғындары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-тармағына сәйкес құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!