Рудныйда алты жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті

21:28, 28 қазан 2021

© Сурет: pixabay.com

27 қазанда алты жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға куәгерлері көзбен көргендерін alau.kz тілшілеріне айтып берді. Бұл ақпаратты Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы растады.

Сағат 15:19-да шақырту келіп түсті. Алты жасар қыз бесінші қабаттан құлап кеткені айтылды. Зардап шеккен баланы Рудный ауруханасына апарған. Оның миы шайқалып, қарыны, бел тұсы және жамбасын жарақаттаған. Қазір бүлдіршінді Қостанай облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне ауыстыру мәселесі шешіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!