Роналду Португалия құрамасынан неге кеткенін түсіндірді

© Сурет: twitter.com/Cristiano
Португалия құрамасының көшбасшысы және капитаны Криштиану Роналду ұлттық құрамада болып жатқан оқиғалар туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір күннен бері әлемдік баспасөз Криштиану Роналдудың және Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш арасындағы жанжал туралы жарыса жазып жатыр.
Футболшы Швейцарияға қарсы 1/8 финалда негізгі құрамға түспеген соң 2022 жылғы әлем чемпионатынан кеткісі келетінін мәлімдеді.
8 желтоқсанда Португалия футбол федерациясы бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, ал біраз уақыттан кейін Криштиану бұл мәселеге нүкте қойды.
"Португалия бұрынғыдан да біріге түседі, арамызға от салуға тырыспаңыздар. Португалдар - кез келген жаудың жүрегін шайып тастайтын өте батыл халық. Біз сөздің шын мәнінде арман үшін соңына дейін күресетін командамыз! Бізбен бірге сеніңіз! Алға, Португалия!", - деп жазды футболшы Twitter-де.
2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Португалия мундиальда сенсация жасаған Марокко құрамасымен ойнайды. Матч 10 желтоқсанда, Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:44, 7 ақпан 2023
Қарағандылық дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған баланы аман алып қалды
-
00:50, 7 ақпан 2023
Түркияға аттанатын қазақстандық құтқарушылар ауа райына байланысты ұша алмай отыр
-
00:22, 7 ақпан 2023
Атыраулық әйел екі сәбиін сатып жіберген
-
23:37, 6 ақпан 2023
Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің екі құралы қалып қойған
-
23:37, 6 ақпан 2023
Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің екі құралы қалып қойыпты