Риддерде 30 жастағы жұмысшы көз жұмды

10:33, 23 шілде 2018

20 шілде күні түнде Риддер қаласындағы Долинный кенішінде болған жазатайым оқиғаны комиссия тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 жастағы жұмысшының өлімін Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті де растады.

«Осы дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») 2-бөлігімен тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.

Бейресми дереккөздердің мәліметінше, үңгушіні жүк тиегіш машина басып кеткен. Жедел жәрдем жеткенше, көп қан жоғалтқан жігіт көз жұмды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!