Риддерде көлік қаққан баланың жүрегі тоқтап қалды

20:49, 3 желтоқсан 2021

© Сурет: pixabay

10 жасар Никитаны қоқыс төгуге шыққанда жол талғамайтын көлік қаққан.

Реанимациялық шаралар өзіндік нәтиже бермеді. Дәрігерлер баланың өлімін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апатына ұшыраған 10 жасар баланың қайтыс болғаны туралы Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Оқыс оқиға 7 қарашада Риддер қаласында Айдарханов көшесінде орын алды. 10 жасар Никитаны қоқыс төгуге шыққанда жол талғамайтын көлік қаққан.

Баланы Риддер қалалық ауруханасына жеткізді: жағдайының ауырлығына байланысты оны орталыққа тасымалдау мүмкін болмады. Қалаға облыс орталығынан және республикалық жетекші клиникалардың бірінен мамандардың өздері келді.

Қалалық полиция департаменті қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі, "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеліп соғуда жол қозғалысы ережелерін бұзуы" деп қайта сараланғанын жеткізді.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі, Mitsubishi автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі сол күні ұсталып, уақытша ұстау изольяторына тоғытылды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!