РФ МемДумасының төрағасы: Назарбаев - бүкіл өмірін өз халқына қызмет етуге арнаған тұлға

21:22, 26 қараша 2020
301

Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Спикері Вячеслав Володин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси даналығы мен оның бай тәжірибесі Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамыту, еуразиялық кеңістікте көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету үшін қажет деп санайды.

Тұңғыш Президент күніне орай "Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі" атты Мәжіліс ұйымдастырған халықаралық конференцияда Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Спикері Вячеслав Володин Нұрсұлтан Назарбаевтың парламентаризмді дамытуда да, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуда да, еуразиялық кеңістікте халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуде де, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сияқты бірқатар халықаралық ұйымдар шеңберінде интеграциялық процестерді арттыруда да маңызды рөлін атап өтті.

Вячеслав Володинның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл өмірін өз еліне және халқына қызмет етуге арнаған тұлға. Тұңғыш Президенттің үлкен еңбегі-осы жылдар ішінде мемлекет нық дамып, экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық салаларда табыстарға жетуде.

- Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси даналығы, бай өмірлік және басқарушылық тәжірибесі Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамыту ісінде, халықтарымыз арасындағы достықты нығайтуда, Еуразиялық кеңістікте көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетуде ұзақ жылдар бойы сұранысқа ие болады, - деді Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Спикері.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!