Республикалық кеңесте әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету мәселесі қызу талқыланды

12:31, 21 қыркүйек 2017

Тұрғындарды әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету мәселесі Астанада өтіп жатқан республикалық кеңесте қызу талқыланып жатыр. Бұл шараға отандық мамандардан өзге Ресей, Малайзия елдерінен келген сарапшылар қатысуда.

Ердәулет Байдуллаев, тілші:

Әлеуметтік сала – қыр-сыры көп күрделі әрі өте нәзік жүйе. Республикалық деңгейдегі үлкен семинарды ұйымдастырып, әр саланы жеке-жеке талқылау осы үшін қажет. Қазақстанда мұндай төлемдерді 3,5 млн азамат алады. Олар жұмыс істеу қабілетінен айрылғандар, жұмыссыз қалғандар, бала босану және бала күтімімен отырған келіншектер сынды топтарға бөлінеді. Олардың қайсыбірінің де төлемдерді уақытылы алуы маңызды. Сала жұмысын жетілдіру үшін халықаралық мамандар шақыртылуы сол себепті болды. Жиында тағы бір ерекше назар аударылғандар – әлеуметтік қызметкерлер. Елімізде мұндай 20 мың маман бар. Олар көбіне қалалық жерде жұмыс жасайды. Ал мұқтаж адамдарға қол ұшын беріп көмектесетін қызметкерлер әсіресе ауылдық жерлерде жетіспейді. Жиында осы түйткілдерді шешу мәселесі басты талқыға түсті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!