Ресейліктер қазақ батырларының рухына тағзым етті

11:05, 20 қазан 2017
469

Ресейдің Псков облысындағы Невель қаласының тұрғындары Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 95 жылдығын кеңінен атап өтті.

Аты аңызға айналған мерген қыздың рухына тағзым етті. Тарихқа көз жүгіртсек, Невель қаласын неміс фашистерінен азат ету жолында қазақтың ержүрек батыр қызымен қатар снайпер Ыбрайым Сүлейменов, полковник Әбілқайыр Баймолдин, Әлия Молдағұловадай азаматтар жандарын пида етті. Бүгінде Невель жеріне 1943 жылдың қазанындағы кескілескен ұрыста жан тапсырған батырлардың есімімен көшелер мен мектептер аталған. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!