Ресейлік блогерді қазақстандық депутаттардың үйі маңынан өткізбей қойған

16:58, 13 мамыр 2021
385

© Сурет: instagram/varlamov

Белгілі ресейлік блогер Илья Варламов Нұр-Сұлтанда жүгіру кезінде басынан өткен оқиға туралы айтып берді. Оның айтуынша, форма киген ер адам оның жолын кескен.

NewTimes.kz мәліметі жариялаған блогер картасына қарағанда бұл оқиға Керей мен Жәнібек хан көшелерінің аумағында болған.

"Жүгіріп келе жатқанмын, бір уақытта форма киген біртүрлі жігіт мені тоқтатты. Ол жағалаудың жабық екенін, ол жақта депутаттар тұратынын айтты. Үлкен қоршауға қарағанда түрме ме дерсің. Не Сіздердің депутаттарыңыз түрмеде тұра ма?" деп сұрады блогер Инстаграмға жариялаған жазбасында.

Оның дүдамал сауалына әлі ешкім ресми жауап берген жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!