Ресейге көшіп жатқан қазақстандық актриса желіде жазба жариялады

12:27, 18 қаңтар 2021
360

29 жастағы актриса Бибігүл Ақтан Сүйіншалина Қазақстаннан түбегейлі кетіп жатқанын айтып, Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресейге түбегейлі оралу туралы шешім қабылдадым. Дұрыс айтасыздар, ол жақта бұл жақтан да көп мүмкіндіктер бар, сондықтан көп уақытымды жоғалтқым келмейді. Бірақ егер Қазақстанда қызықты жобалар болып, мені шақырып жатса, әрине оған қатысуға мен қуана келемін, - деп жазды Бибігүл Ақтан Сүйіншалина.

Ол ұзақ уақыт бойы бұл ретте бір шешімге келе алмай, көп ойланғанын мойындайды, өйткені Отанға, достарына және отбасына деген үлкен сүйіспеншілік оны көптен бері ұстап жүріпті. Бірақ ақыры бірқатар себептер басымдық танытып, оның Алматысынан, Қазақстаннан кетуіне әсер етті.

Мен Қазақстандағы жобаларға көбірек уақыт пен күш жұмсадым, тіл үйреніп, барлық бос уақытымды Отанымда өткізіп, өзімнің лайықты екенімді дәлелдеуім керек деп ойладым! Шын мәнінде, олардың көпшілігі "Тілді жетік білмейтінімді, оны дұрыс үйренбегенімді бетіме басып, "сөзді дұрыс айтпайсың" деп тағы сол секілді бір себептермен мені шеткері ысыра берді. Шынын айтқанда жобаларға қатысқанын үшін төленетін ақы тиын-тебен ғана, онымен өмір сүру қиын. Олардың көпшілігі достықты желеу етеді: "Бибігүл, біз достармыз ғой, қазір ақша жоқ, бірақ келесі жобада саған керемет ақы төлейміз", деп. Бірақ, әрине, мұның бәрі жай сөз. Артыңнан қаншама жаман сөз ереді, адамша еңбек жағдайы үшін үнемі күресуің керек, - деп жазады Бибігүл Ақтан.

Алайда, ол кейбір жобаларды еліте есіне алды.

Әрине, еске алатын тамаша жобалар да бар, бір кездері олар туралы міндетті түрде айтып, керемет жандармен өздеріңізді таныстыратын боламын, - дейді бұл ретте актриса.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!