Ресейге келетін шетелдіктерді тіркеудің жаңа ережесі енгізілді

10:36, 24 мамыр 2018
304

Футболдан әлем біріншілігінің өтуіне байланысты 25 мамырдан 25 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласында шетел азаматтарын тіркеудің жаңа талабы қолданылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақстаннан барған азаматтар үш тәуліктің ішінде тіркелуі тиіс. Осы ереже тек футболдан әлем чемпионаты өтетін қалаларға баратындарға ғана қатысты.

- Қонақжай немесе шипажайға келетін азаматтар белгілі, олар барлық заң ережелерінен хабардар, бір күннің ішінде келген азаматтарды тіркеп жібереді. Олар арнайы талонмен мөр басып береді. Егер сіз туысқаныңызға келетін болсаңыз, міндетті түрде Ресей Федерациясының азаматы бірге барып, арнайы тіркелетін орындарға РФ Ішкі істер министрлігінің құзырлы органдарына үш күннің ішінде тіркеп береді. Әрбір жергілікті атқарушы орган Ресей Федерациясының қабылдаған заңынан бөлек өздерінің ережесін қолданады. Санкт-Петерборға жеке көлігімен Қазақстаннан келетін азаматтарға шектеу қойылып отыр, - деді Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз хатшысы Жанар Колбачаева.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!