Ресейден Маңғыстауға келген дәрігер: Бізде індетпен күрес әдістері анағұрлым қатал...

11:40, 16 шілде 2020
169

Шухрат Гимаев - Маңғыстау облысына Ресейдің медицина қызметкерлерімен бірге келген дәрігердің бірі. Ол және оның әріптесі облыстық аурухананың көпсалалы уақытша ауруханасында эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыруға ат салысуда. Дәрігер маңғыстаулық әріптестері туралы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Lada.kz порталының мәліметі бойынша, Шухрат Гимаев 1995 жылы туған, Ресейдегі Орынбор облысындағы Бугуруслан медициналық колледжін бітіріп, мейіргер мамандығын алған. Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің Вороновская ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жұмыс істеді.

Қазір ол әріптестерімен бірге Маңғыстау облыстық ауруханасының көпсалалы уақытша ауруханасында эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыруға ат салысуда.

Гимаев Ресей дәрігерлері бірден маңғыстаулық дәрігерлермен ортақ тіл табыса кеткенін баса атап өтті.

Санитарлық-эпидемиолог мамандар бірден аурухана территориясын зарарсыздандыруға кіріскен. Сырттан бөтен адамды кіргізбейді мұнда. Бұл өте маңызды, өйткені егер сіз эпидемиологтардың барлық талаптарын орындамасаңыз, жағдай тек нашарлай береді, - дейді дәрігер.

- Біздің міндетіміз - тек Ақтау қаласында ғана емес, сонымен қатар облыс аудандарындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту. Негізгі мақсат - COVID-19-дан болатын өлімді азайту. Біз көмектесуге тырысамыз және бәрінің өмір сүріп, өмірден ләззат алуына бар күшімізді саламыз. Маңғыстау дәрігерлері - кәсіби мамандар, олар жақсы жұмыс істейді, аурумен күреске бар күштерін салуда. Әрине, біз кеңес беріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті дәрігерлермен жағдайды жақсартуға бар күшімізді саламыз. Мен Каспий теңізін бірінші рет көрдім. Вирусты жойғанға дейін біз осында боламыз деп ойлаймын, - деді Шухрат Гимаев.

- Ресейде коронавируспен күресу әдістері анағұрлым қатал, - дейді ол.

Шухрат Гимаев Қазақстанның кез-келген аймағында жұмыс істеуге дайын екенін айтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір