Ресейден Қазақстанға қашқандардың арасында қылмыстық істерге қатысты күдіктілер анықталды

11:15, 24 қыркүйек 2022
270

Павлодар облысы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Ресейден Қазақстанға қашқандардың арасында қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты күдіктілер анықталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Павлодар қаласында 21 жастағы ер адам ұсталды, оған тамыз айында Ресей полициясы халықаралық іздеу жариялаған», – деді Павлодар облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Ұсталған азамат Омбы облысында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта ол қамауда.

Сондай-ақ Ертіс ауылында есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және сақтағаны үшін іздеуде жүрген 69 жастағы азамат ұсталды. Қылсмыс 2014 жылы Омбы облысының аумағында жасалған. Алайда ер адам қылмыстық қудалаудан қашып жүрген.

Ал Ақсу қаласында 2016 жылы Ресейдің Иваново қаласында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген 41 жастағы ер адам ұсталды.

«Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар облысында барлығы 13 қылмыстық қылмыскердің жүрген жері анықталды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!