Ресейдегі жоғары оқу орнындағы атыс. Тоқаев көңіл айтты

21:35, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысының VIII шақырылымына сайлау науқанының сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сайлау нәтижесі Ресейдің ішкі саяси тұрақтылығын нығайту үшін аса маңызды деп есептейді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде болған қанды оқиғаның салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуын оң бағалап, Көкшетауда 30 қыркүйекте өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумының маңыздылығына және оның мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударды.

Қазақстан мен Ресей басшылары 16-17 қыркүйек күндері Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екендерін нақтылады.

Айта кетсек, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті ғимараттарының бірінің аумағында студент айналасындағыларға оқ жаудырды. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты деректер әлі жарияланбады. Шабуыл жасаушы анықталып, ұсталды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан ол жараланды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!