Ресейде ұсталған мына жігіт Қазақстандағы мейрамханасын сатып жатыр

15:05, 13 қыркүйек 2019

Қарағандыда жаңа жыл қарсаңында төбелес болған мейрамхана сатылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ежелгі Рим" мейрамханасының сатылатыны туралы хабарлама ресейлік prian.ru жарнама сайтында пайда болды.

Үш қабатты мейрамхана 2 359 776 евроға (10 миллиард 10 миллион 500 мың теңге) бағаланыпты.

Қарағандыда Жаңа жыл қарсаңында "Ежелгі Рим" мейрамханасының маңында жаппай төбелес болды. Төбелес кезінде бір ер адам пышақталып, қайтыс болды. Ал тағы біреуі пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Мейрамхана қонақтарының өзара кикілжіні жаппай төбелеске ұласқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, төбелеске мейрамхананың ерте жабылуына тұтынушының келіспей, қатты ренжуі себеп болған. Осылайша ыза болған адам таныстарын мейрамханаға келуін сұрап, шақырған. Досының қоңырауы бойынша тез жеткен адамның бірі сол арада пышақталып, көз жұмды.

Бұл оқиға Қарағанды жұртының төбе шашын тік тұрғызған. Қалалықтар бұған наразылық білдіріп, көшеге шыққан.

2 қаңтарға қараған түні қайтыс болған адамды қолдайтындар мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін мейрамханаға келіп, қожайындарын кісі алдына шығуын талап еткен. Ашулы топтың бетін қайтару үшін мейрамханаға сол түні полиция мен СОБР қызметкерлері, содан кейін облыстық прокуратураның бастығы Марат Сексембаев та келуге мәжбүр болды. Бір аптадан кейін полиция бөлімшесінің жанында рұқсат етілмеген бірнеше митинг өтті. Еңбек демалысындағы облыс әкімі Ерлан Қошанов та жұмысына мерзімінен бұрын шығуға мәжбүр болды. Наразылық білдірушілер объективті тергеу жүргізді және төбелеске кінәлілердің барлығын ұстауды талап етті.

Мейрамхана алдындағы жаппай төбелеске қатысты күдіктінің бірі Нарек Гурурян елден қашып кеткен. Ол 9 қаңтарда Омбы облысында ұсталды. Кейін Ресейдегі Армения елшілігі хабарлағандай, ол құқық қорғау органындағыларға өзі берілген. Бұған дейін ол видеоүндеу жолдаған. Онда ол өз қауіпсіздігіне кепілдік берсе, Қазақстан билігіне өз еркімен берілуге дайын екенін айтқан. Сондай-ақ шетел азаматы кісі өліміне өзінің қатысы барын жоққа шығарды.

Қазіргі уақытта бұл іс сотта қаралып жатыр. Іс 63 томнан тұрады. Бұл оқиғаға қатысты 12 адам қамауға алынған, оның 11-і әлі қамауда. Ал 13 күдікті – Армения азаматы Нарек Гурурян әлі күнге дейін Ресейден экстрадицияланбаған. Ол сол жақта қамауда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!