Ресейде оқитын қазақстандық студенттер тығырыққа тірелді

15:36, 7 тамыз 2020

Қазіргі уақытта Ресейде оқитын қазақстандық студенттер үшін шекара уақытша жабық. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Елшілік жағдайды ерекше бақылауда ұстап, Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатқандығын атап өтті.

- Мүмкін келесі аптада бұл мәселеге қатысты жауап алынады, ол туралы қолдағы бар ресурстар арқылы бірден хабарлаймыз. Сондықтан бізден хабар күтіңіздер. Туындаған форс-мажор жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтап, дүрбелеңге бой алдырмауларыңызды сұраймыз, - делінген елшілік хабарламасында.

Әлемнің көптеген елінде коронавирус пандемиясына байланысты дәл осындай жағдай туындаған, деп атап өтті елшіліктегілер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!