Ресейде із-түзсіз жоғалған қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

14:18, 18 сәуір 2018
482

Іздеу жасағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапты, бірақ сарбаздың туған-туыстары әлі табылған жоқ, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Ресейдің "Примирение" іздеу жасағы Ленинград облысында жауынгердің сүйегін тапты.

"Ленинград облысы Киров ауданы Гайтолово ауылындағы іздеу шаралары барсында медальоны бар РККА жауынгері табылды. Жатқан жері 30 сантиметр тереңдікте, топырағы саздақ. Жауынгердің қасында жеке заттары болған: бақыраш, қасық, шыны фляга, газқағар. Қару-жарақтан: екі граната. Суреттерін қоса жіберіп отырмын", — деп хабарлайды жасақ командирі Сергей Барсуков.

Медальондағы деректерге сүйенсек, ол – 1914 жылы Көкшетау облысы, Чистопольский ауданы Гаршино ауылында дүниеге келген қатардағы жауынгер Абдылқасым Жаманбаев. 1941 жылы 18 шілдеде соғыстың алғашқы күндері әскерге шақырылған, 1942 жылдың ақпанынан бері із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында тіркеліпті.

"Соғыстан кейін оны әкесі Исмаилов Әубәкір іздеп таба алмаған. Арада 76 жыл өткенде ғана Ленинград жерінен табылды. Қазақстандық тағы бір батыр туған жеріне оралады деген үміттеміз. Туған-туыстарын табу керек", — деп атап өтті іздеушілер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!