Ресей Қырғызстанға АЭС салатын болды

© Сурет: pixabay
Ресейлік корпорация Қырғызстанда қуаттылығы аз АЭС салумен қатар, ядролық инфрақұрылымды дамытуды көздейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы мен Қырғызстанның Энергетика министрлігі арасында Қырғыз Республикасында қуаттылығы аз атом электр станциясын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев пен Энергетика министрі Досқұл Бекмырзаев қол қойды. Тараптар RITM-200H реактор блогы негізінде атом электр станциясын (АЭС) салуға мүдделі.
Меморандумда Қырғызстандағы ядролық инфрақұрылымды дамыту және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану үшін ғылыми-техникалық кадрларды даярлау мәселелері де қарастырылған.
Лихачев Қырғызстанда атом электр станциясы сияқты нысанның болуы елді электр қуаты жағынан тәуелсіз етіп қана қоймай, бүкіл Орталық Азия аймағындағы ғылыми жобалардың санын көбейтетінін айтты.
«Росатом» 400-ге жуық ядролық компанияны қамтитын ресейлік мемлекеттік холдинг. Корпорация Ресейдегі барлық атом электр станцияларын басқарады. Холдинг уран қоры бойынша әлемде екінші орында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:54, 26 мамыр 2022
Маймыл шешегі келесі пандемияны жариялауға түрткі болып жүрмей ме – ДДСҰ жауабы
-
23:36, 26 мамыр 2022
Алимент төлемей жүрген үш қостанайлық қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
22:50, 26 мамыр 2022
Молдованың экс-президенті 30 күнге үйқамаққа алынды
-
22:40, 26 мамыр 2022
Алматы маңында жер сілкінді
-
21:55, 26 мамыр 2022
Екібастұзда балаларына жақтасып, қызыл кеңірдек болған әйелдерге айыппұл салынды