Ресей кеше болған жарылыстарды «қаскүнемдік» деп атады

10:38, 17 тамыз 2022

© Сурет: pixabay

Украина президенті Владимир Зеленский Қырым тұрғындарын ресейлік әскери нысандарға жақындамауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өйткені оларда тағы да жарылыс болуы мүмкін. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі Джанкой ауданы Майское ауылы маңындағы қару-жарақ қоймасында кеше болған жарылыстарды «қаскүнемдік» деп атады.

Сол оқиғаларға байланысты Қырымда пойыздар тоқтады. Өйткені теміржол зақымданған, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар мұнда электр станциясы істен шығып, үйлер қирап, база маңынан 2 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Ал өткен аптада Қырымдағы Ресейдің «Саки» аэродромында болған бірнеше жарылыстан 11 әскери ұшақ жойылғаны белгілі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!