Ресей Қазақстанға дәрі-дәрмек және тест жүйесі түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге дайын

17:02, 30 маусым 2020
638

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараптар сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Қос тарап CОVID-19-дың таралуына қарсы күрестегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлді.

Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын екенін білдірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!