Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстанда зейнетақы алып келіпті

10:13, 27 қараша 2020
298

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу жүргізген, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл тұлға Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2003 жылы РФ-на барып, сол мемлекеттің азаматтығын алды және екі мемлекет аумағында зейнетақы алып отырған. Бұл ретте, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталығына РФ азаматтығы бар екендігін әдейі жасырып, ҚР-да зейнетақы төлемдерін алуға құжаттар тапсырған.

Осылайша, 2006 жылдан бастап 14 жыл бойы айыпталушы ҚР аумағында зейнетақы төлемдерін заңсыз алып отырған және мемлекетке 9,2 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірген.

Батыс Қазақстан облыстық сотымен ол ҚР ҚК 190-б. 1-б. 1-т. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылды, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ағымдағы жылы осындай фактілер бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған және олар бойынша ұқсас сот үкімдері шығарылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!