"Апортты" тонаған ұры Кербұлақта ұсталды

© Сурет: Алматы облысы ПД
Кербұлақ ауданының полициясы Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде дүкен тонаған тұрғынды анықтап, айғақзаттарды тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел іздестіру шаралары барысында Кербұлақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қаңтар айының басында Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде дүкендерге шабуыл жасап, өзгенің мүлкін заңсыз иеленген күдіктіні Қаспан ауылынан құрықтады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің мекенжайынан 5 дана телефон, планшет, бірнеше қол сағат, құлаққаптар, микрофлешкалар мен «Билайн» абонеттерінің нөмірлері табылды. Табылған заттар тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.Кербұлақ ауданы ПБ бастығы полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев

Сурет: Алматы облысы ПД
Полиция басшысының ақпараты бойынша, іске қатысы бар деген күдікпен ұсталған 1998 жылы туған азамат бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Алматыға жұмыс істеуге барған қаладағы жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, «Апорт» сауда үйіндегі дүңгіршектердің бірінен тәркіленген заттарды заңсыз иемденіп кеткен.
Тәртіп сақшыларының бұлтартпас айғақтарынан кейін күдікті қылмысын толық мойындап, заңға қайшы әрекеті үшін өкінетінін жеткізген. Оның әрекетіне сот органдары нақты баға беретін болады. Сонымен қатар, полицейлер оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын тексеруде. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:54, 26 мамыр 2022
Маймыл шешегі келесі пандемияны жариялауға түрткі болып жүрмей ме – ДДСҰ жауабы
-
23:36, 26 мамыр 2022
Алимент төлемей жүрген үш қостанайлық қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
22:50, 26 мамыр 2022
Молдованың экс-президенті 30 күнге үйқамаққа алынды
-
22:40, 26 мамыр 2022
Алматы маңында жер сілкінді
-
21:55, 26 мамыр 2022
Екібастұзда балаларына жақтасып, қызыл кеңірдек болған әйелдерге айыппұл салынды