Путин шетелдік құқық иелерімен рубльмен есепайырысу жөніндегі жарлыққа қол қойды

21:38, 27 мамыр 2022

© Сурет: kremlin.ru

РФ Президенті Владимир Путин бірқатар шетелдік құқық иелері алдындағы рубльмен есепайырысу міндеттемелерін орындау тәртібі туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжат 27 мамырда құқықтық ақпарат ресми порталында жарияланды.

Рубльмен төлем жасау Үкімет анықтайтын уәкілетті ресейлік банктердегі шоттар арқылы рұқсат етіледі. Мұндайда борышкерлер құқық иесінің атына "О" типіндегі арнайы шот аша алады.

Бұл шара шетелдік құқық иеленушілермен есеп айырысуда мыналарда қолданылады:

  • "дос емес елдермен" байланысты;

  • Ресейге қарсы санкцияларды ресми түрде қолдағандар;

  • 23 ақпаннан кейін санкцияларға байланысты Ресейде өз өндірісін қолдануға және сауда белгілерін пайдалануға тыйым салынғандар;

  • санкцияларға байланысты Ресейде жұмысын тоқтатқандар немесе айтарлықтай шектегендер;

  • Ресей армиясына сөз келтірушілер;

  • Ресейге, Ресей қоғамы мен билігіне және ресми рәміздеріне, соның ішінде интернетте "әдепсіз формада" нұқсан келтірушілер;

Жарлық Ресей Федерациясына дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерін, тамақ өнімдерін әкелуге немесе өндіруге қажетті зияткерлік қызмет өнімін пайдалану құқығына арналған келісімшарттарға қолданылмайды. Сонымен қатар, құжаттың ережелері Ресейде электрондық компьютерлерге, мәліметтер базасына, ақпараттық жүйелерге және деректер орталықтарына арналған бағдарламаларды құру немесе пайдалану үшін жасалған байланыс қызметтері мен келісімшарттарға қолданылмайды.

Наурыз айының басында Ресей билігі "дос емес мемлекеттер" тізіміне енген шетелдік несие берушілерге қатысты осындай шара қабылдады. Оған сәйкес, ресейлік компаниялар енді өз міндеттемелерін рубльмен ғана орындай алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!