Путин енді Өзбекстанды қысып жатыр

14:59, 18 қараша 2021

© Сурет: twitter.com/russiauz

Қысқасы Путин Өзбекстанды қыспаққа алуда, дейді желіде журналист Асхат Қасенғали.

  1. АЭС салу бойынша келісіп қойды. Келер жылы салына бастайды да, 2026 жылы бітеді. Құны 11 млрд доллар, салатын Ресей. Демек Мәскеудің бақылауында болады.
  2. Орыс тілін үйрету бағдарламасын ашты. 30 мың өзбекстандық мұғалімді үйретіп жатыр. Өзбекстанда 15 ЖОО филиалы ашылды.
  3. Бүгін құны 8.9 млрд доллар болатын екі жақты жобаларға қол қойылды. Онда әрине Ресейдің мүддесі басым.
  4. Ресей мен Өзбекстан бүгінгі аймақтық форумда өзара саудада долларды емес, ресейлік рубльді қолданайық деп шешті.
  5. Сарапшылар екі жылда әйтіп-бүйтіп Ресей өзбектерді ЕАЭС-ке кіргізеді дейді. Кірмесе мигранттарды Мәскеу қолданады. 3 млн-ға жуық еңбек мигрантын қабылдамай қойса, ол Мирзиеев билігінің біткені деген сөз.
  6. Өзбекстан ТМД бойынша "Орыс тілі жылын" өткізуді қолдап, ұйымдастыруға көмектесейік деп отыр.

 

Айтпақшы ертең Мирзиеев Ресейге барады. Бір апта бұрын Түркияда болған еді. Жыл соңына дейін бізге келеді. Екі күн бұрын телефон арқылы Тоқаев пен Мирзиеев сөйлескен болатын. Қызық боп жатыр, делінеді жазбада.

 


 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!